Download Video and Audio from YouTube

Өзбекстандағы қазақ ауылының тұрғыны үйін мұражайға айналдырды

14,538 views 107 10

Өзбекстанда шағын ғана Шақшам деген қазақ ауылы бар. Тау бөктерлей жатқан сол кенттің тұрғыны Дархан Хусанов өз үйін кәдімгі мұражайға айналдырған. Қарапайым радиомеханиктің қорында мыңға жуық құнды жәдігер тұр. Ол бұл заттарды жарты ғасыр бойы жинапты. Бір қызығы көне бұйымдардың басым бөлігі ауыл маңынан аршып алынған. Ашық аспанасты мұражайында тіпті үшінші ғасырларға тән қыш құмыралар бар. Қоғам қайраткерінің ендігі арманы –бағзы замандардан сыр шертетін дүниелерді сақтайтын арнайы мұражай салу. Ашық аспанасты мұражайында қыш құмыралардан бастап мыстан жасалған бұйымдарға дейін бар. Қоладан құйылған ыдыстар мен көне заттардың бетіне салынған бедерлер және теңгедегі таңбалар жәдігерлердің қай заманға тиесілі екенін аңғартады. «Тіпті көне заттардың кейбірі «Сақ» дәуірінен қалған», – дейді коллекционер. Оны археологтар да дәлелдеп берген. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24