Download Video and Audio from YouTube

Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланды

5,242 views 4 5

Қала саяжайларында 600-ге жуық үй су астында қалған. Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймаларының лық толуына байланысты құзырлы мекемелер оларды кезек-кезегімен ашуға мәжбүр болған. Демалыс күндері Қарғалы, Елек, Сазды, Жіңішке және Бұтақ өзендері арнасынан асты. Сол маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. 500-ден астамы 4 уақытша қабылдау бекетіне жеткізілді. Айта кетейік, қазір қалалық әкімдік өкілдері зардап шеккен халыққа көмек қолын созу үшін жылу жинауға кірісті. Ал апаттан келтірілген шығынды арнайы комиссия анықтайтын болады. Балзира Ахметова, Ақтөбе қаласының тұрғыны: -Су тез келіп, ештеңеге үлгере алмай қалдық. Содан кейін осы жерге келдік. Осы жерге келіп едік, ертеңіне келінім босанды. Төрт баламен далада қалдық. Бауыржан Сыздықов, Ақтөбе облыстық ТЖД басшысы: -Су тасқыны кезеңіне біз жүз пайыз дайын болдық. Бірде бір адам суға кетіп қайтыс болған жоқ. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері 1174 адам эвакуацияланды, 69 адам құтқарылды.